Ақ үй басшысының қазіргі баспасөз хатшысы Джен Псаки мамырдың 13-і қызметінен босайды

Бұл орынға оның орынбасары Карин Жан-Пьер отырады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды. Осы лауазымға алғаш рет қара нәсілді, әрі ЛГБТ қауымдастығының өкілі тағайындалмақ. Джен Псаки болса, бір жылдан кейін орнын босататынын былтыр хабарлаған болатын. Енді ол телевизия саласында қызмет етпек. Джо Байден Псакиге ақ жол тілеп, Карин Жан-Пьерді жаңа лауазымымен құттықтап үлгерді.