Ақмола облысында қарулы қақтығыс болды

Оған қатысқан 15 адам ұсталды. Олар Көкшетау және Қарағанды қалаларының тұрғындары деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға “Қарасай тасжолы” айналма жолы бойындағы автодромда болған. Алдын ала тергеу барысында қақтығыс қатысушылары анықталды. Оқиға орнынан травматикалық тапаншалары, патрондары, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленген. Дерекке сәйкес “Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау” бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.