Астана қаласының 57 жастағы тұрғыны биіктіктен құлап кеткен. “Ер адам учаскеде жұмыс істеп жатқанда, төрт метр биіктіктегі тірек бөлігі опырылып құлаған”, – делінген хабарламада. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр. Полиция “Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.