Әскери комиссариатқа шақырылған Мәскеу тұрғыны өз-өзіне қол салды

Бұл туралы “База” басылымы мен 360 телеарнасы хабарлады. Басылым жазуынша, ол өз-өзін өлтірер алдында әскери комиссариатқа шақыру қағазын алғанын, әскерге барғысы келмейтінін айтқан. Әскери комиссариатқа 21 қараша баруға тиіс болған. 23 жастағы жігіттің достары “Выстрел” атқыштар клубына алдын ала ескерткен, өз-өзіне қол салуды жоспарлағанын хабарлаған. Алайда клуб қызметкерлері сенбей, қалжың деп есептеген. Ресейде қазан айынан 31 желтоқсанға дейін күзгі әскери шақырылым жүреді. 130 мың адамды әскерге алу жоспарланған. Украинаға қарсы соғыс үшін мобилизаця бастағалы Ресей билігі әскерге барудан жалтаратындарға қылмыстық жауапкершілікті қатайтқан.