АҚШ билігі туристер үшін шектеулерді жеңілдетті

Қараша айынан бастап егілген туристер АҚШ аумағына кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24». Жеңілдіктер тек 33 елдің тұрғындарына қатысты. Тізімде Қытай, Үндістан, Бразилия, Еуропа елдері мен басқа да мемлекеттер бар. Сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында әуе компаниялар саяхатшылардың жеке мәліметін бір ай бойы сақтайтын болады. Естеріңізге салайық, Құрама штаттары меймандар үшін шекарасын өткен жылдың наурызында жапқан еді.