Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында газ жарылды.
Соның салдарынан бес адам зардап шекті. 80 шаршы метр аумақтағы ғимараттың құрылымы опырылып құлаған. Ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған газ құрылғысы қоғамдық тамақтану орнында орналасқан.
Төтенше жағдайдың себебі мен мән-жайы тексеріліп жатыр.
«Оқиғадан зардап шеккен бес адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар әртүрлі дәрежедегі күйік алған. Бір науқас жансақтау бөлімінде, ал төртеуі жарақат бөлімінде жатыр. Жағдай бақылауда, толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
