Ақтөбе облысында 20 жастағы тұрғын зорланғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін сотталды

Ақтөбе облысында Алға ауданының 20 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін сотталды деп хабарлады Диапазон.  Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, 20 жастағы жергілікті тұрғын полицияға арызданған. Ол тәртіп сақшыларынан өзін зорлаған танысын жауапқа тартуды сұраған. Алайда тергеу кезінде ер адамның оны зорламағаны анықталды. Осылайша, қасақана жалған ақпарат бергені үшін “жәбірленушіге” қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен 20 жастағы ару 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған жергілікті тұрғын 3 жастағы қыз тәрбиелеп отыр, сол себепті сот жазаны 5 жылға кейінге қалдырған.