Ақтөбе облысында “Аuto Seller” пирамидасын құрғандар сотталды

Тергеу материалдарына сәйкес, аталған серіктестік 2022 жылдың наурыз айында құрылған. “Аuto Seller” ЖШС басшылары автокөлік иелеріне нотариуспен расталмаған сатып алу-сату шарттарын жасасып, олардың автокөліктерін 20%-ға қымбат сатып алуды ұсынған. Ал ақшаны екі-үш ай ішінде тең бөліктермен төлейміз деген. Одан кейін көлік құралдарын үшінші тұлғаларға төмен бағамен сатылған”, – дейді қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары. Көлік иелеріне келген залал сомасы 404 млн теңге. Сот қаржы пирамидасын құрғандарды 7 жылдан 9 жыл аралығында бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.