Өңірдегі өндірістегі жалақы көлеміне тоқталған Ералы Тоғжанов кәсіпорындардағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде индекстелетінін атап өтті. Журналистер облыс әкімінің өзі қанша алатынын сұрады. “Қолға 1 миллион 900 мың аламын, бұл ақпарат барлық жерде бар, интернеттен ашып қараңыз”, – деп жауап берді журналистер сұрағына Ералы Тоғжанов. Ол сондай-ақ жалақы деңгейімен келіспейтін жұмысшылардың ереуілдері компания қызметкерлерінің пайдасына шешілетініне сендірді. 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда орташа номиналды жалақы 340 636 теңге болды.