Сириядағы жер сілкінісінен үйінді астында қалаған адам тірі табылды.

Ер адам жойқын жер сілкінісінен үш ай өткен соң үйінділер астынан шығарылды. Оның әбден әлі кеткен, бірақ аман. Оны үйінділерді тазалау кезінде сириялық құтқарушылар тауып алған. Жергілікті Akhbar.fouri порталы қатты азып, сақал-мұрты өсіп кеткен адамды құтқару барысынан кадрлар жариялады. Ер адам дәрігерлердің бақылауында, оны оңалтуға ұзақ уақыт кетеді деп болжанып отыр. Оның қалай аман қалғаны әзірге белгісіз. Еске сала кетейік, ақпан айының басында Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болған еді. 45 мыңнан астам адам табиғи апаттың құрбаны болды.