Ақтөбеде тегін донер таратып, дүрбелең тудырғандар жазаланды.

Ақтөбеде тегін донер таратып, дүрбелең тудырғандар жазаланды. Желіде қаладағы жаңадан ашылған донер дүкеніне жүздеген адамның жиналып, бір-бірін итеріп, тегін асқа ұмтылған сәтінен түсірілген видео тарады. Белгілі болғандай, кәсіпкер әлеуметтік желіде дүкеннің ашылуына орай тағамның тегін таратылатынын хабарлаған. “Ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері шараны ұйымдастырушыларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтырып, кәсіпкерге 55 мың теңге айыппұл салды”, – деді облыстық ПД өкілдері. Ведомство мәліметінше, уәде етілген тегін донер жиналғандардың барлығына жетпеген, өйткені акцияға үш жүзге жуық адам жиналған.