Ақтөбеде әкімдікте істеген әйелді өлтірген еркек сот үкімін естігенде жылап жіберді

Ақтөбеде облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты. 29 жастағы азамат кінәсін бірден мойындап, қанды қылмысқа қалай барғанын жасырмай айтып берген. Соны ескерген сот бүгін оған 11 жыл жаза кесті. Қылмыс осыдан үш ай бұрын болған. 46 жастағы әйелмен сотталушы бойдақпын деп танысыпты. Осылайша екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып кездеседі. Ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған. Осыған ашуланған 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, нақсүйерін 35 рет пышақтаған. Мәйітті жүк салғышқа салып алып екі күн бойы жүрген. Ауыр қылмысқа әйелінен көңілдесін жасыру үшін барғанын айтты, деп хабарлады КТК. Сотталушы 11 жыл жаза кесілгенде жылап та жіберді. Ал марқұмның туыстары айуандықпен адам өлтірген қылмыскерге бұл жеңіл жаза деп отыр.