Тоқаев Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорда. Мемлекет басшысын әуежайда министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды. Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысады. Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп жоспарланып отыр. Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда.