Ақтөбеде жанармай құю станциясында жарылыс болды. Бір адам қаза тапты, ондаған көлік зардап шекті.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметкерлері “Альтаир” техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғанын анықтаған. Салдарынан ауданы 600 шаршы метр болатын ғимарат құлап, ғимарат ішіндегі және сол маңдағы 11 көлікке зақым келген. Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс автомобильдің газ-баллон жабдығынан шыққан газ-ауа қоспасының жиналуы нәтижесінде орын алған”, – дейді ТЖ министрлігінен.