Ақтөбеде жол ережесін сақтамағандар екі оқушыны қағып кетті

Екі оқиғада да жүргізушілер жол ережесін бұзып, кәмелетке толмаған екі баланы жазым етті, деп хабарлайды «Хабар 24». Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Ақтөбе облысының Алға қаласында Есет батыр көшесімен келе жатқан «Daewoo Nexia» автокөлігі өтіп бара жатқан адамдарға жол бермей, жаяу жүргіншілер өткелін жылдамдықты асыра кесіп өткен. Салдарынан жарақат алған 9 жасар қыз бала Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ тағы бір оқиға Қандыағаш қаласында тіркелген. №5 орта мектептің жанында Жамбыл көшесінде «Ауди-80» көлігінің жүргізушісі 10 жасар жаяу жүргіншіні қағып кетті. Кәмелетке толмаған қыз Қандыағаш қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Екі жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.