Ит аулаушылар ұсталған үй жануарларын пешке салып жағып жіберіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған “ЗООмама” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Рабиға Сисенғалиева видеоны 2021 жылдың 4 наурызында түсірген. видеода қаңғыбас ит пен мысықтан бөлек, асыл тұқымды төбеттердің де өлексесі жатқаны анық көрінеді. Тіпті, арасында қарғыбаулы үй жануарлары да бар. “Бұл орталықта көшеден ауланған жануарлар қожайыны табылғанша ұсталуы тиіс. Алайда, олар мақұлықтарды өлтіріп, өртеп жатыр”, – дейді белсенді. Ал қаладағы ветеринария станциясының өкілдері қаңғыбас иттерді осында 20 күнге дейін ұстайды. Иесі табылмаса, улап өлтіріп, өлексені өртеп жіберетіндерін айтты.