Қазақстан ең бай адамдар санының өсуі бойынша АҚШ-ты басып озып, 7-ші орынға ие болды

Қазақстан ең бай адамдар санының өсуі бойынша елдерінің рейтингінде Америка Құрама Штаттарын басып озып, 7-ші орынға ие болды. Knight Frank-тің 2021 жылға арналған зерттеулеріне сәйкес, өте бай адамға дәулеті 30 миллион доллардан (шамамен 12,586 миллиард теңге) асатын немесе оған тең болатын адам жатады. Материалда коронавирус пандемиясына қарамастан, әлемдегі өте бай адамдардың саны өткен жылы 2,4 есеге өскені сөз етілген. Қазіргі уақытта олардың саны 520 мыңнан асады. Ең жоғары өсім қарқыны Азияда орын алуда, онда ауқаттылар саны 12 пайызға өскен. Бірінші орынды Индонезия, екінші орынды Үндістан, үшінші орынды Польша иеленді. 2020 – 2025 жылдарға арналған болжамға сәйкес, Қазақстан бай адамдардың өсімі ең жоғары сегіз елдің қатарына кірді.