Имам қабір басынан табылған ғашықтардың суретіне пікір айтты

Осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы зираттардың бірінен ине шаншылған ғашықтардың суреті табылған болатын. Аталған фото әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшілік мұндай әрекетке барғандарды қатаң сынға алды. Бұл зұлматпен айналысу мұсылманның қолынан келе қоймас. Тек иманын Әзәзілге сатып, діннен шығып, кәпірден төмен түскенде ғана амалға асатын зұлымдық. Сондығынан болар, барлық дінде осы іспен айналысқандар аямастан жазаланған деді дінтанушы.