Қаңтар көтерілісіне байланысты алғашқы сот үкімі шықты

Екі адам “қару ұрлады” деген айыппен 5 жылға сотталды
Қаңтар көтерілісіне байланысты алғашқы сот шешімі шықты. Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұловтың шешімімен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының тұрғындары Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісхан 5 жылға сотталған. Бұл туралы Азаттыққа сотталушылардың туыстары хабарлады. Бақыт Оңтай мен Өжет Жеңісхан жөніндегі тергеу 26 қаңтарда аяқталып, қылмыстық іс 1 ақпанда сотқа түскен, сот үкімі 17 ақпанда шыққан. Қаңтар көтерілісіне байланысты көптеген азаматтар үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, әзірге сотқа жетпеген еді.