Премьер-министрдің кеңсесі оның сағаты қанша тұратынын айтты

Үкімет басшысының кеңсесі Әлихан Смайылов тағып жүрген қол сағаттың бағасын жариялады. Бұған дейін журналист Михаил Козачков премьер-министрдің фотосын жариялап, қолындағы сағаттың маркасы “Cartier Tank” деп жазған. Оның сөзіне қарағанда, ондай сағаттың бағасы 5 мың доллардан 8 мыңға дейін (от 2,1 – 3,4 млн теңге) барады. Премьер-министрдің кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібайдың айтуынша, үкімет басшысы тағып жүрген сағаттың бағасы, шамамен, 164 мың теңгені құрайды. “Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады. Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын”, – деп жазды Желдібай.