Полиция қызметкері күдіктіні полиция бөліміне әкелгеннен кейін азаптаған. Полицейдің кінәсі куәгер арқылы расталды. Сонымен қатар оның кінәсі бейнебақылау жазбасы, сот-медициналық сараптама қорытындысы арқылы дәлелденді. Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамай, ақтауды сұрады. Сот полицейді капитан шенінен айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол қайтыс болған жігіттің туыстарына 9 млн теңге көлемінде моральдік өтем төлеуге міндеттелді.