Ақкенттегі өрт: жансақтау бөліміне түскен екі науқастың жағдайы тұрақты

Алматының “Ақкент” шағын ауданында болған өрттен зардап шегіп, жансақтау бөліміне түскен екі науқастың жағдайы тұрақты, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы. “Науқастардың жағдайы тұрақты. Жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, – деді ведомство. Еске сала кетейік, 1 тамызда Ақкент шағын ауданында 16 көпқабатты үй өртеніп, тұрғындар зардап шекті. Күні кеше қалалық денсаулық сақтау басқармасы үш адамның жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Оның екеуі ересек адам.