Алматыда Қаңтар қырғыны кезінде қаза тапқан Шекара академиясы курсанттарының отбасына меценаттар атынан пәтер кілті табысталды. Сол қасіРеттері күндері академияның жас сарбаздары – Мейірхан Бітім, Жайық Әділхан және Дәулет Жұпарбеков ерлік танытып, қаза тапты. Олар қала әкімдігі мен басқа да стратегиялық нысандарды қорғаған еді. Ажал құшқан курсанттар Президенттің Жарлығымен үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Пәтер кілтін табыстау рәсімі академия ғимаратында өтті. Қыршын кеткен сарбаздар оқуда озат, жігерлі жастар еді. Олардың есімі мен жанқиярлық ерлігі академияның құрмет тақтасына жазылған, деп хабарлайды «Хабар 24».