«Абай» шахтасындағы апаттың нақты себебі бүгін анықталуы мүмкін

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин журналистерге берген сұхбатында айтты. Ильиннің айтуынша, оқиға орнында арнайы комиссия мен жедел топ жұмыс істеп жатыр. Кінәлілер туралы айту, әзірге ерте. Десек те, апатқа жол бергендер есімі таяу арада анықталады. Оның үстіне үкімет «Арселор миттал» компаниясына қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша қаражат бөлуді талап етті. “Ірі өндірісте биыл мамыр айында Абай шахтасындағы жұмысты тоқтату жөнінде шешім шыққанымен, сот компанияға тек айыппұл төлетіп, жұмысты қайта бастауға рұқсат берді. Ол кезде газдың таралуына жол беретін жағдайлар анықталған”,- деді Юрий Ильин.