“Қабырғасы сынған”. Алматыда 3 жасар баланы аяусыз ұрып-соққан

Алматылық 32 жастағы ер адам бұрын бірге тұрған әйелінің үш жасар баласын соққыға жықты деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желілерде кішкентай баланың бүкіл денесінде көгергені түсірілген суреттер тарап жатыр.

Қазіргі уақытта баланың ауруханада екені белгілі болды. Оның қабырғасы сынып, гематомалар алғаны айтылады.
Алматы полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

“Үш жасқа толмаған баланың, сондай-ақ оның анасының аты-жөні бірден анықталды. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Сонымен қатар, дене жарақаттарының деңгейін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деді қалалық полиция өкілдері.

Полицияның баспсөз қызметінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 1988 жылғы ер адам – баланың анасымен бұрын бірге тұрған ер адам ұсталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны айтылады.

Біз фотоматериалдарды этикалық себептен жарияламаймыз. Авторадио Қазақстан балақайдың тезірек сауығып кетуіне тілектес.