Адам саудасы үшін 11 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту, жеңгетайлық, жыныстық пайдалану мақсатында адам саудасы фактісімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс тергеліп жатыр. «Тергеу барысында олардың қылмыстық әрекеттері Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында іске асырылғаны анықталды. Топ ұйымдастырушылары үш апалы-сіңлілі болып шықты. Олар қорқыту мен бопсалау, «айыппұлдар» арқылы қыздарды синтетикалық есірткі қолдануға және ақылы жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Топтың кейбір мүшелері жас әйелдер мен қыздарды іздеумен айналысқан. Олармен танысып, сеніміне кіріп, осы «іске» тартқан. Қыздарды әлеуметтік желі арқылы Қарағанды, Семей, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Түркістан облысынан тапқан. Билет сатып алу мен тұруға кеткен шығынды қылмыстық топтың ұйымдастырушылары төлеген. қылмыскерлердің тапқан табысы шамамен 150 миллион теңге. «Жыныстық сауда құрбандары арасында 17 – 25 жас аралығындағы 14 қыз бар, оның ішінде алтауы – кәмелетке толмағандар», – делінген полиция мәліметінде. Ұсталған күдіктілер Шымкенттегі тергеу изоляторына қамалған. «Осы факті бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды.