Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырды

Алматы мәслихатының экс-депутатының адвокаты коронавирус инфекциясына тапсырған сынама оң нәтиже бергенін айтты. Адвокаттың айтуынша, 17 шілдеде Құдайберген тергеу изоляторында анасына денсаулығы нашарлағанын айтып, жақындамауды өтінген. Кейін изоляторға жедел жәрдем шақырылып, олар COVID-19-ғы сынама алған. “Қазір ол отырған уақытша ұстау изоляторында білікті медициналық көмек көрсетуге жағдай жоқ. Біз оны емдеу мекемесіне немесе медициналық бөлімшесі бар тергеу изоляторы бар басқа мекемеге ауыстыруды сұрадық. Сот оны медициналық көмек алу үшін үйқамаққа ауыстыру мүмкіндігін қарастыруы керек”, – деді адвокат Мұрат Әмитов. Сот прокурорға тиісті медициналық бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Еске салайық, Қайрат Құдайберген депутаттық мандатынан айырылған болатын.