Қайрат Сатыбалдыұлы ісі бойынша 230 миллион долларға тең асыл тастар қайтарылды

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды. Ведомство мәліметінше, тергеу әлі де жалғасып жатыр. Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу дерегі анықталды. Бұл сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.