Алматы мен Алматы облысында «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды. Тәртіп сақшылары олардан 2 Калашников автоматын, 5 аңшы мылтығы мен 2 жауынгерлік тапаншаны және қару-жарақтың өзге де түрлерін тәркіледі. Күдіктілерден 5 700 доллар және 107 мың теңге табылды. Қазір бұл азаматтардың қаңтар оқиғаларына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтың қалған мүшелерін іздестіру жұмысын жалғастыруда. Ал ұсталғандар қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.