Таразда дәріхана тоналды

Дәріханаға жасалған қарақшылық шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Оқиға Тараз қаласындағы шағын аудандардың бірінде болды. Нысанға медициналық бетперде таққан белгісіз екі адам басып кіріп, тапаншаға ұқсас затпен фармацевттерді қорқытқан. Кейін шыны витринаны сындырып, 37 мың теңгені иемденіп, қашып кеткен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.