Үкімет қаулысымен Мадалиев Алмат Құрманғазыұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметтен кетті. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ол еңбек жолын 2004 жылы Жастардың таңдауы қоғамдық қорында заңгер болып бастаған. 2019 жылғы наурыздан қазіргі уақытқа дейін – әділет вице-министрі болған.