Алматыда қаржы пирамидасы және вайнерлер ісіне қатысты сот отырысы басталды

Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша 12 айыпталушының бірі – вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов. Іс Алмалы аудандық сотында Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде бейнеконференция арқылы қаралды. Прокурор күдіктілерге қатысты айыптау актісін оқыды. Шерниязов пен Төребаев қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды деген айыппен келіспейтінін және кінәні мойындамайтынын айтты. Еске салайық, қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов былтыр сәуірде Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын. 2022 жылғы желтоқсанда вайнер және блогер Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынды.