Алматыға қытайлық Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Алматыға қытайлық Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. “”СК-Фармацияның” тапсырысымен вакцинаның миллион дозасы екі рейспен жеткізіледі” делінген компания хабарламасында. Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстан Sinopharm-нан вакцинаның 4 млн дозасын сатып алған. VeroCell – Қазақстанда тіркеуден өткен бесінші вакцина.