Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі: 1987 жылы Алматы қаласының Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған. Ол Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
1997 жылы “Тұран Әлем Банкі” ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, “АТФ Банк” ЖАҚ басқарма төрағасы болған.
1998 жылы Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңесшісі, Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі қызметтерін атқарған.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, 2001 жылы Қазақстан Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы болған.
2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметін де атқарған.
2016 жылы “Бәйтерек” Ұлттық басқарушы холдингін басқарған.
2019 жылдың 25 ақпанында Ұлттық банктің төрағасы қызметіне тағайындалған.