Алматы қаласының полицейлері зираттың екі қызметкеріне қатысты тергеу бастады

Алматы қаласының полицейлері зираттың екі қызметкеріне қатысты тергеу бастады.

Екеуі де жерлеу жұмыстары үшін қосымша 70-80 мың теңгені заңсыз талап еткенін мойындады, деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер бөліміне сегіз адам арызданып келген. Олардың айтуынша, зират қызметкерлері жерлеу жұмыстарының ақшасынан бөлек тағы 70-80 мың теңгеге дейін қосымша ақы талап еткен. Қабіршілер түбіртекті де бермеген. Сөйтіп, ақшаны заңсыз иемденген.