Алматы карантинге жабыла ма?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев блокбекеттер орнату және қаланы карантинге жабу туралы сұрақтарға жауап берді. “Денсаулық сақтау жүйесі қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қаланы толығымен жабу мәселесі көтерілген жоқ. Оған қатысты алдын ала ақпарат береміз. Таңертең тұрсақ, қала жабық деген болмайды. Егер денсаулық сақтау жүйесінің күші жетпей жатса, инфекцияның таралу көрсеткіші нормадан асып кетсе ғана қосымша шешім қабылдау қажет болады. Әзірге қаланы жабудың қажеттілігі жоқ”, – деді әкім.