Алматы әкімдігі жарықтандыру ісімен айналысатын компаниямен соттасты

Алматы әкімдігі жарықтандыру жұмысын дұрыс атқармаған жеке компанияға қарсы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Шарт жасалған кезде жеке серіктес жыл сайын 5 жыл ішінде 8915 жарық нүктесін жаңарту керек болған. Яғни, жылдың соңына қарай 35 661 жарық нүктесі қосылуы керек еді, алайда бұл міндет орындалмаған. “Жеке серіктес шарт бойынша өз міндеттемелерін толыққанды орындамады және көше жарықтандыру мәселелерін шеше алмады. Соның салдарынан, қала көшелерінде жарық болмады, тұрғындарының шағымдары көбейе бастады”, – дейді әкімдіктегілер. Жергілікті билік амалсыз сотқа шағымданған.