“Алматы облысы жабылады” деген хабарлама жалған. Санитария дәрігерлері Whats Аpp арқылы тараған хабарламаға осылай деп жауап берді. Мессенджерде Алматы облысында карантиннің күшеюіне байланысты өңір толығымен жабылады және ауылдар арасында қозғалыс шектеледі деген аудиохабарлама тараған. “Бұл ақпарат Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері қабылдаған қолданыстағы қаулының талаптарына сәйкес келмейді. Бұл бұрынғы аудиожазба және коронавирус инфекциясының бірінші толқыны кезінде болған оқиғаларға, былтырғы наурыз-сәуірде қабылданған шектеулерге қатысты”, – деді ведомство өкілдері.