Навальный Ресейге оралған бойда қамауға алынды

Навальный Ресейге оралған бойда қамауға алынды. Ресей оппозиционері Берлиннен Мәскеуге жексенбі күні кешкі рейспен ұшып келді деп хабарлайды 24.kz. Внуковоға қону керек болатын ұшақ әуежайдағы техникалық жағдайға байланысты лайнерді қабылдай алмай, ол Шереметьевоға қонды. Жалпы Алексей Навальный шартты түрде сотталғандықтан төлқұжатты тексеру орнында полицейлер оны сынақ мерзімін бұзғаны үшін ұстады. Онда оппозиционердің жақтастары да жиналған еді. Тәртіп сақшылары олардың кейбіреуін қамауға алды.