Алматы облысында блокбекеттер қайта орнатыла ма?!

Желіде қатаң карантин енгізілетіні және Алматы облысында қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты әкімдік баспасөз қызметі түсініктеме берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Бұл – фейк ақпарат. Бүгінде облыс периметрі бойынша блокбекет қою жоспарда жоқ”, – дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Жалпы Алматы облысы бойынша коронавирус жұқтырған 701 адам анықталған. 1 адам қайтыс болды.