Алматы облысында Есік қаласының әкімі ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Азаматтар жергілікті билікке шағымданған соң Антикор Алматы облысы Есік қаласының әкімін парамен ұстады.

“Ол қаланың ойын алаңын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде. Күдікті кінәні толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.