Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады

Соның салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан мерт болды. Ал 6 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. “Қайыңды-Саты” таулы автожолының 9 км-да 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, “УАЗ” автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Аталған дерек Кеген ауданы ПБ-да тіркелді.”Тергеу жүргізіліп жатыр. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”,- деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.