Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді

Қазір өрт шарпыған аудан анықталып жатыр. Қазавиақұтқару тікұшақтары әуеден 130 мәрте 390 тонна су төкті. Сонымен қатар өртті сөндіру автоцистерналардың, мотопомпалардың, күректердің көмегімен де жүргізілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.