Құтқарушылар облыс тұрғындарын қар басқан беткейлерге шықпауға үндеді. Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда барлық қауіпсіздік шаралары мен тәртіпті сақтауға шақырады. 109 көшкін қаупі бар учаскелер бар. Олар: Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай, Сарқан және Ескелді аудандарында, Текелі қаласында, Іле-Алатау жотасының оңтүстік беткейінде және Жетісу Алатауының солтүстік жотасында орналасқан.