Мусин Astana Hub-та анықталған майнерлер туралы пікір білдірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі стартап атын жамылған майнерлерді сотқа беру өте қиын болатынын айтты. Ол мұның орнына заңнаманы өзгертуді ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мусин майнинг фермалары мемлекеттік салықтық преференция алғанын мойындады. Бұған дейін Astana Hub халықаралық IT-технопаркінде криптовалюталарды өндірумен айналысатын жобалар тіркелгені анықталған болатын. Олар стартап жасаушылар атын жамылып, 8,5 миллиард теңгеге мемлекеттік преференция алған.