Алматы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Алматы Полиция департаментінің басшысы болып Арыстанғали Заппаров тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Арыстанғали Заппаров 1969 жылы дүниеге келген. 2019-2022 жылдары ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының Полиция департаментін басқарған.