Алматы қаласы коронавирустың “сары” аймағына тағы кірді, деп хабарлайды ұлттық қоғамдық денсаулық орталығының ресми сайты.
Мегаполис төрт күн бұрын ғана “жасыл” зонаға өткен еді.
8 желтоқсандағы жағдай бойынша, “қызыл” аймақта Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. “Сары” аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары. Қалған өңірлер “жасыл” аймаққа кірді.
Эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан жалпы “жасыл” аймақта орналасқан.
4 желтоқсан күні Алматы коронавирустың таралуы бойынша “сары” аймақтан шыққан еді. “Қызыл” зонада Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары болды.
Соңғы дерек бойынша республикада 137 653 адам вирус жұқтырды. 121 347 қазақстандық жазылып шықты, 2 034 науқас қайтыс болды.