Алматының жаңа бас дәрігері тағайындалды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына Нариман Табынбаев тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысы орталық аудандық ауруханасында балалар хирургы болып бастаған.

2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, USA), University of Minnesota (Minneapolis, USA) тағылымдамадан өтті.

Осы уақытқа дейін ол Алматы қаласындағы “Орталық қалалық клиникалық аурухана” МКК директоры қызметін атқарды.

Бұған дейін бұл қызметті Камалжан Надыров атқарған. Оның қандай қызметке ауысқаны әлі белгісіз.