Мас ата-анасының кесірінен аязда үсіп қалған сәби көз жұмды

Фото: Sputnik

Тыва Республикасының астанасы Қызыл қаласында көшеден үсіп өлген жеті айлық қыздың денесі табылды.

Қызыл саяжай ауылында көшеде үсіп кеткен 7 айлық сәби көз жұмды, деп хабарлады zakon.kz. «Комсомольская правда» басылымының хабарлауынша, көшеде өтіп бара жатқан адамдар нәрестенің денесін тапқан. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі баланы құтқарып қала алмады. Сол күні ауа температурасы шамамен -26 градус болған. Қайтыс болған нәрестенің кім екені, оның ата-анасының кім екені анықталды. Ата-ана ішімдікке салынған болып шықты. Бұған дейін қыздың 40 жастағы анасы бұрынғы үш баласына қатысты ата-ана құқығынан айырылған. Жауап алу кезінде ата-анасы қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ішімдік ішкенде қыздарының қастарында болғанын айтты. Одан кейін сәбидің қалай далада қалып қойғанын түсіндіре алмады. Баланың өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.