Алматы әуежайында арнайы мұздануға қарсы өңдеу алаңы ашылды.
Бұл — Орталық Азияда іске қосылған алғашқы арнайы алаң. Ол әуе кемелерін қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған күйде өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде ұшуға дайындық уақыты қысқарып, қыс мезгіліндегі жұмыстың тиімділігі артады, — дейді әуежай өкілдері.
Қазіргі уақытта мұздануға қарсы өңдеу алаңының бірінші кезеңі пайдалануға берілді. Оның құрылысы толығымен келесі жылы аяқталады.
